Астанада "Еңбек жолы" конкурсына өтінім қабылдау басталды

220

 Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Астанада "Еңбек жолы" конкурсына өтінім қабылдау басталды Фото: gov.kz

Aстанада жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын насихаттау мақсатында жыл сайынғы "Еңбек жолы" конкурсы өткізіледі. Конкурсқа еңбек әулеттері, жас мамандар және еңбек өтілі 20 жылдан асатын тәлімгерлер қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еңбек жолы" конкурсына өтінім қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурс үш номинациядан тұрады:

"Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет анықталады;

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын ең нәтижелі тәлімгер анықталады;

"Өндірістің үздік жас қызметкері" – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді әрі еңбекқор өндіріс қызметкері анықталады.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 55-68-11, 55-68-34, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу