Астанада енді өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше бар

497

Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші  Асқар  Серікұлы Забикулиннің аты берілген көшенің ашылуы өтті.

Астанада енді өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы көше бар Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Астана қаласындағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Асқар Забикулиннің есімі беріліп, естелік тақтайша орнатылған.  

Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, жолдасы мен балалары жәнет азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Іс-шара барысында Асқар Забикулиннің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарып, алған ауыр жарақаттан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған болатын. Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Қызметтік борышқа адалдық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, мінездің беріктігі мен жауаптылығы бұл Асқар Забикулинның бойындағы қасиеттер еді. Оның батыл да батыр іс-әрекеттері менбейнесі мәңгі жадымызда қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу