Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"2022/2023 жылғы эпидемиологиялық маусымның 48 аптасында елордада 100 мың тұрғынға шаққанда 536,2 сырқаттанушылық көрсеткішімен ЖРВИ-дің 6 648 жағдайы, тұмаудың 14 жағдайы анықталды. Эпидемиялық маусымның басынан – осы жылғы 1 қазаннан бастап сырқаттанушылық өткен маусымның ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен аспайды. Мәселен, ЖРВИ ауруларының 42 022 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 3389,6. Өткен маусымның сәйкес кезеңінде 45 389 жағдай анықталды. Биылғы эпидемиологиялық маусым оның басынан бастап тұмау жағдайларының тіркелуімен ерекшеленеді. Мәселен, ЖРВИ құрылымында тұмау жағдайларының үлесі 0,4% – 172, оның ішінде А(H1N1) және А (Н3N2) және В типті 170 құрайды", - деп хабарлады департамент өкілі.
Жанна Пралиеваның айтуынша, науқастардың жалпы санының ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 54%-ды құрайды. Бұдан бөлек 1 жасқа дейінгі балалар үлесі 6% болса, жүкті әйелдер – 5%.
2 180 науқас ЖРВИ диагнозы бойынша стационарлық ем қабылдады.