Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлаған

742

"Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз анасы жұмысқа кеткенде әкесімен үйде қалған. 

Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлаған Фото: BAQ.KZ

Сол күні қыздың анасы жұмысқа кетіп, ол әйелдің азаматтық некедегі күйеуімен үйде қалған. Кейін пәтерге қыздың өгей әкесінің танысы келіп, олар ішімдік ішкен. Артынша ол азамат 5 жасар қызды оңаша алып кетіп, зорлаған.

"Бұл факті бойынша 8 наурызда "Есіл" ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады", - деп мәлім етті ведомстводан.

Сонымен бірге құзырлы органнан ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру материалдары жария етілмейтінін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу