Астанада ер адам автобус аялдамасының шынысын сындырып, қашып кеткен

139

Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. 

Астанада ер адам автобус аялдамасының шынысын сындырып, қашып кеткен Фото: Polisia.kz

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Елордада полицейлер автобус аялдамасының павильонына зақым келтірген ер адамды қысқа мерзімде анықтап, ұстады. Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз азамат автобус аялдамасының шыны құрылымын сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Алайда алысқа ұзай алмады. Полицейлер жедел әрекет етіп, құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Анықталғандай, 33 жастағы елорда тұрғыны алкогольдік масаң күйде аялдама павильонының құрылымын "беріктікке сынап көрмек" болған. Бұл әрекеті оның әкімшілік жауапкершілікке тартылуына себеп болды. Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Полиция қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігін еске салады. Қала мүлкін бүлдіру барлық азаматтарға және қаланың келбетіне зиян келтіреді. Кез келген құқық бұзушылық пен келтірілген шығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу