Астанада ер адам аялдаманың әйнегін әдейі сындырған

517

Оның бұл әрекетін досы камераға түсіріп алған.

 Астанада ер адам аялдаманың әйнегін әдейі сындырған Фото: бейнеден скриншот

Мас адам Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан аялдама павильонының әйнегін әдейі сындырды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерімен күресу және жолын кесу бойынша тоқтаусыз жұмыс жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай құқық бұзушылықтар үшін жазалау шаралары күшейтілді.

Осындай жағдайлардың бірі Астанада болған. Таңертеңгі сағат төрт шамасында үш дос ойын-сауық орнынан шыққан. Үйіне қайтып бара жатқанда, олардың бірі мас күйінде Республика даңғылындағы аялдаманың әйнегін сындырған. Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Құқық қорғау органдары кінәні толық мойындаған құқық бұзушыларды тапты.

Бұл факт "бұзақылық" ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.

Вандалдармен күреске құқық қорғау органдарымен бірге елордалық еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар да жұмылдырылады. "Тоқта, вандал" акциясы аясында олар рейдтер өткізеді, оның барысында бұзушыларды анықтайды және тұрғындарға түсіндіру жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу