Астанада ер адам ғашығының бағалы заттарын ұрлап кеткен

447

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Астанада ер адам ғашығының бағалы заттарын ұрлап кеткен Фото: turkystan.kz

Елордада 61 жастағы әйел пәтер ұрлығының құрбаны болды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы аудандық полиция басқармасына жәбірленуші әйел 45 млн теңге, 9 мың АҚШ доллары көлемінде ақша мен гауһар тасты зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы арызданды. Тәртіп сақшылары бағалы заттар мен ақшаны әйелдің жақын танысы ұрлағанын анықтады.

"Жәбірленуші осы жылдың сәуір айында ер адаммен танысқан. Ол ара-тұра әйел досына қонаққа барып тұрған, сондай бір кездесу кезінде бағалы заттарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 61 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді", - деп жазылған хабарламада.

 

Ер адам ұрланған алтын зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп үлгерген. Ал, ақшаны ойын автоматтарында ұтылып қалғаны белгілі болды. 

 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Күдікті 2013 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу