Астанада ер адам өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлап, сатып жіберген

216

Ол қаланың 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Астанада ер адам өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлап, сатып жіберген Фото: Polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырын ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады. Ол қаланың 39 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорданың тұрғын үй кешендері бірінің кіреберісінен ол 12 өрт сөндіру түтік құбырын иемденіп, үй тұрғындарының өрт қауіпсіздігін бұзған. Ұрланған затты қаскүнем құрылыс базарында сатып алушыларға сатып үлгерген.

Тергеу барысында ер адамның 500 мың теңгеден астам сомаға өрт сөндіру түтік құбырын ұрлаудың 6 эпизодына қатысы бар екені анықталды.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу