Елордада әлеуметтік желі арқылы қосымша табыс іздеу барысында 2000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін қылмыс жасауға келіскен қала тұрғыны сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, ол үй ішінде адамдардың болғанына қарамастан, алдын ала дайындалған жанғыш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырған.
Сот оны бөтеннің мүлкін жоюға оқталу бойынша кінәлі деп танып, бұрын өтелмеген соттылығын ескере отырып, түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Прокуратура әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын заңсыз әрекеттерге қатысу сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Күмәнді "қосымша табысқа" келісу арқылы азаматтар тек өз бостандығына ғана емес, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді", – делінген прокуратура таратқан хабарламада.