Астанада ер адам полицейді соққыға жықты

140

Оқиға кеше, 21 қарашада, түнде болған.

Астанада ер адам полицейді соққыға жықты Фото: inbusiness.kz

Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде билік өкіліне күш қолданған 31 жастағы күдікті анықталды.

Тергеу мәліметінше, жігіт дәмханада қоғамдық тәртіпті бұзып, мекемеге келген басқа келушімен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Мекеме маңында екі ер адам төбелескенін көрген полиция қызметкері оларды тәртіпке шақырмақ болған.

"Олардың бірі билік өкіліне күш көрсеткен. Күдікті өз кінәсін мойындады.  Осы дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған полиция хабарламасында.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу