Астана қаласында ер адам 15 жастағы ұлды лифттен шығармай қойған. Әлеуметтік желіде видео пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Zhaloby.astana мәліметінше, оқиға 28 қараша күні Қ.Сәтбаев көшесі, 31-де сағат түнгі 22:10-да болған.
"Бұл ер адам ішімдікке тойып алған сияқты. Ол 15 жасар ұлыма оны өлтіремін деп қорқытып, балағат сөздер айтқан. Кейін баламды тұншықтыруға тырысқан және лифттен шығармай қойған. Баламның қолын бұраған. Полицейлерге де қарсылық көрсетіп, менің жұбайымды қорлады", – деп жазады қала тұрғыны.
Астана қаласының полиция департаментінен осы оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрадық.
"Бұл факті бойынша құқық бұзушы анықталып, уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шара қабылданатын болады", - делінген полиция мәлімдемесінде.