Астанада ер адамнан 400-ден аса заңсыз кітаптар тәркіленді

539

Күдікті 3 жылға сотталды.

Астанада ер адамнан 400-ден аса заңсыз кітаптар тәркіленді Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған пансионатпен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу