Астанада жабық футбол алаңында доп теуіп жүрген ер адамның үстіне футбол қақпасы түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде оқиғаның қаладағы "Достық Арена" спорт кешенінде болғаны айтылған.
"Футбол алаңында ер адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға ойын барысында болған. Ер адам қақпа маңында болған. Қолымен қақпаның маңдайшасынан ұстап, тартылмақ болған кезде қақпа аударылып, оны басып қалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу