Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер ұсталды

202

Іске балалар омбудсмені Динара Закиева араласып, ІІМ-ге жүгінді.

Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер ұсталды Фото: instagram.com/gulnarra.bloger

Астана полициясы әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлаған блогерді ұстады. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдарды сотқа жолдауға дайындап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Блогердің ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздері бар бейнежазбаны интернет кеңістігінде тарату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды, олар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", – деп хабарлады полиция.

Астана қаласы полиция департаменті интернетте қорлайтын материалдарды таратқан адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу