Астанада ерекше балаларға арналған IT-технологиялар бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды

424

"Особые праздники" қоғамдық қоры Астана IT университетінің студенттерімен бірлесіп, "Компьютерлік бағдарламалау мектебі" инклюзивті әлеуметтік жобасын бастады. 

Астанада ерекше балаларға арналған IT-технологиялар бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды Фото: Астана әкімдігі

Бағдарлама ерекше балалар арасында цифрлық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біздің бастама өскелең ұрпақтың IT-технологиясына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазіргі заманда бағдарламалау – қажетті дағды мен жастар арасында саланың дамуы елімізде сұранысқа ие мамандардың санының артуына әкеледі деп сенеміз", – деді AITU студенттері Рашад Гаджиев пен Кирилл Рожков.

Жобаның тұсаукесері тренингке қызығушылық танытқан және қатысуды жоспарлап отырған ерекше балалар мен олардың ата-аналарының басын қосады.

"Осындай мүмкіндік берілгеніне қуанып отырмыз. Бұл біз үшін көптен күткен іс-шара: ұлым бағдарламалауға қызығушылық танытты, біз енді ғана оқуды бастағалы жатырмыз. Бұл жоба – керемет бастама! Ұйымдастырушыларға көптен көп рақмет!" – дейді ерекше баланың анасы Сәуле Мұхамеджанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу