Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді

277

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді.  

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді Фото: gov.kz

Бұл туралы Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы 4 балабақшада (№54, №60, №66, №95) эмоциялық-еркi жағынан және мінез-құлқында (аутизм) бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

"2024 жылы 4 балабақшада (№ 35,63,86,98) және 4 шағын орталықта (№8, №11, №30,№76) инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Алғаш рет биыл 1 қаңтардан бастап ата-аналарға қолайлы болу мақсатында, елордадағы 8 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кабинеттеріне жазылу birge.astana.kz. сайтында онлайн жүзеге асырылып жатыр", - деді Қасымхан Сенғазыев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу