Астанада ерекше мерекелік шара өтті

531

Байқоңыр ауданындағы аулалардың бірінде жаңа ойын алаңы ашылды. 

Астанада ерекше мерекелік шара өтті Фото: Ашық дереккөзден

Астанада мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында ерекше шара өтті. Байқоңыр ауданындағы аулалардың бірінде жаңа ойын алаңы ашылып, балалар үшін ойын-сауық ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекеттік мерекеге орай көпқабатты үйді жағалай көк байрағымыз ілініп, патриоттық әндер шырқалды.

"4 маусым Рәміздер күнін тойладық. Ол күшті мереке болды + Мейрамда бізге аниматорлар көптеген сыйлықтар берді. Бүгінгі мейрам маған қатты ұнады", - дейді Айару Айтмаханбет.

Балалар мәз-мейрам. Тіпті ересектер де қуаныштарымен бөлісіп, алғаусыз алғыстарын айтты.

"Ауламыз жаңарып жатыр, жақсарып жатыр, жаңғырып жатырмыз. Осы қуанышымыз біздің мына рәміздер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. +Бұл мереке балаларымыз үшін ұзақ уақыт есте қалар естелік болар деп ойлаймын", - дейді қала тұрғыны Мақпал Ештанаева.   

"Алдымен бүгінгі мерекемен, мемлекеттік рәміздеріміздің, қастер тұтар жәдігерлеріміздің  күнімен құттықтаймын. Шараны осындай мәнде өткізу жастарды патриот етіп тәрбиелеуге септігін тигізері анық", - дейді қала тұрғыны Сәрсенхан Әзімбайұлы.

Төл рәміздерімізді қастерлеу, қадір тұтып, мәртебесін айшықтау да ұмыт қалмады бұл күні. Аулаға жиылған жұртқа әскери оркестр патриоттық  туындыларды тарту етті.

Шараны ұйымдастырушылар "Туған елге деген шынайы құрмет мемлекеттік рәміздерді қадірлеуден басталады", - деп бағамдайды. Бұл ретте жас буынды патриоттық рухта тәрбилеу ерекше маңызға ие. Сондықтан биылғы мерекені жастардың есінде қалар ерекше етіп өткізуді жөн санадық деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу