Астанада #EREKSHEteatr ерекше актерлер театрының гастролі өтеді

523

5 ақпанда елордалық көрермен "Sensitive" ерекше би ұжымының өнерін тамашалайды.  

Астанада #EREKSHEteatr ерекше актерлер театрының гастролі өтеді Фото: ortcom.kz

Оның құрамында есту қабілеті бұзылған бишілер бар.

Екі мәрте Дельфий ойындарының чемпионы атанған ұжым "Сквозь тишину" концертін ұсынады. 6 ақпан күні #Мыстобойоднойкрови атты әлеуметтік драмасын көрсетеді. Бұл -  Орталық Азиядағы ым тіліндегі жалғыз спектакль. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, #EREKSHEteatr авторы және продюсері Құралай Түспекова айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Оны міндетті түрде көрулеріңіз керек. Біз балалардың шығармашылығымен барынша көп көрерменнің танысқанын қалаймыз.  Тағы бір мақсатымыз – Қазақстанда меценаттылықты дамыту", – деді спикер. 

Ұлттық Дельфий ойындарының режиссері, #EREKSHEteatr режиссері Бақытжан Тәжіновтың айтуынша ым тілі – бұл өнер және оны хореография, вокал және т.б. сияқты дамыту керек.  

"Сөздерді естіп қана қоймай, көруге де болады. Оны біздің спектакльдер жеткізеді. Мұндай қойылымдар елімізде сирек қойылады, бірақ көптеген елдерде осындай жанрдағы кәсіби театрлар бар. Астанаға келген ұжымның өз қолдаушылары бар", – деді Б.Тәжінов.  

Спектакльдер Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу