Астанада ересектерге арналған қазақ тілі курсы ашылды

294

Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астанада ересектерге арналған қазақ тілі курсы ашылды Фото: ЖИ

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысушыларды қабылдап жатыр.

Мекеме мәліметінше, өтінімдер 1–31 шілде аралығында қабылданады. Ал оқу курсы 3 тамызда басталады.

 Сабақтар офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Оқу мерзімі – 4 ай. Курста сабақтар аптасына үш рет ұйымдастырылады.

Бағдарлама соңында қатысушыларға арнайы сертификат беріледі. Курсқа тіркелу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайындағы 209-кабинетке жүгіну қажет.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 24-90-52 немесе +7 (707) 497-71-43 телефондары арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу