Астанада ерлікпен қаза тапқан құтқарушыларға ескерткіш орнатылды

1516

Астанада ерлікпен қаза тапқан құтқарушыларға ескерткіш орнатылды

Астанада Құтқарушылар күні қарсаңында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған ескерткіштің ашылу салтанатты өтті.

Жиынға ҰОС ардагерлері, Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және қайтыс болған өрт сөндірушілердің туған-туыстары қатысты.

"Біз ешқашан өз батырларымызды ұмытпаймыз. Мына ескерткіш осының айқын айғағы. Өткенді білмей, болашаққа қол созу мүмкін емес. Сондықтан бұл ескерткішке қараған сайын батырларымыздың ерлігі естеріңізге түссін. Осы кісілердің ерлігі сіздерге үлгі болсын", - деді Астана қаласы ТЖД бастығы Барат Дұзақбаев.

 

1996- 2010 жылдары Александр Величкин, Геннадий Винокуров, Валерий Зайцев, Саят Абеев, Руслан Какишев есімді елордалық өрт сөндірушілер өз міндетін орындау барысында қаза тапқан.

Өрт сөндіру қызметінде 44 жыл еңбек еткен ардагер Жұмабай Искендиров отан үшін жанын берген құтқарушылардың жанкештілігі жастарға үлгі болады деген пікірде.

"Ерлікпен қаза тапқан жауынгерлеріміздің ерлігі мен жанкештілігіне алғысымызды білдіреміз. Қайғылы оқиғалар туралы айта кетейін. Мичурин совхозында 5 қабатты үйден өрт шықты. Тұрғындарды құтқарамыз деп жүріп, Александр Величкин, Геннадий Винокуров есімді құтқарушыларымыз өз жанын берді. Одан кейін үш офицеріміз Валерий Зайцев, Руслан Какишев, Саят Абеев Ықылыс Дүкенұлы көшесіндегі баспанадан шыққан тілсіз жаумен күресіп, ерлікпен қаза тапты. Бұл сарбаздарымыз Отан алдындағы өз міндетін адал орындады. Олардың есімдері мәңгілік жадымызда болу үшін осындай ескерткіш орнаттық", - деді ардагер.

Baq.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу