25-30 градус шамасында қатты аяз болуына байланысты ертең де Астанада оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан мәлім еті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Астана қаласының білім басқармасы 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және 1-2 курс колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бүгін елордада екі ауысымда да 0-9 сынып оқушылары үйден оқыған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу