Ол жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге келісімшарт жасасып, ешқандай міндетін орындамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдікті қашықтан бухгалтер қызметін ұсынып отырған. Жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша қаражатын аудару мәселесі бойынша келісім жасаған соң, ол ақшаның бір бөлігін өзіне иемденіп кеткен. Материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу