Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 10 қазан күні Астана қаласының Күйгенжар елді мекенінде Есіл өзеніне шабақ жіберу іс-шарасын өткізді. Су айдынына 100 мың сазан балығының шабағы жіберілді.
Балықтандыру процесін барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 000 тұқы жіберілді.
Шабақтар Есіл өзеніне арнайы жабдықталған автомобильдермен тасымалданады.
Сазан балығына дәмді етінің арқасында сұранысы жоғары.
Ол көп қоректенеді және тез өседі. Қамыс өсінділерін, балықтар мен бақалардың уылдырығын, құрт, шаян тәрізділерді, жәндіктерді қорек етеді. Тауарлық сазанның салмағы - 1250-1500 г. ұзындығы – 39-41 см. Ол тұщы суда да, ащы суда да өмір сүре алады.