Астана қаласында Есіл өзенін күтіп-ұстау және экологиялық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, өзен айдыны мен жағалау аумақтары тұрақты түрде санитарлық тазартылуда.
Мамандар су бетіндегі және жағалаудағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, сонымен қатар қамыс пен судың табиғи ағысына кедергі келтіретін артық су өсімдіктерін тазарту жұмыстарын атқаруда.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде 33 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылған.
Есіл өзені мен елорданың өзге де су айдындарындағы тазалық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Бұл шаралар су сапасын жақсартуға, қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтауға және қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.