Астанада Есіл өзенінің жағалауында тегін жаңа автотұрақ пайда болды

957

Автотұрақ 37 орынға шақталған.

Астанада Есіл өзенінің жағалауында тегін жаңа автотұрақ пайда болды

Жаңа автотұрақта мүгедектерге арналған орынды қосқанда 37 тұрақ орны бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл өзенінің бойында "Гранд Алатау" ТК жанында жаңадан тегін тұрақ орны ашылды, оның ішінде мүгедектерге де арналған орын бар.

Сарыарқа ауданы баспасөз қызметі айтқандай, көлік қоятын орынды ашуға сол маңдағы үйлердің ауласындағы көлігін қоятын автожүргізушілердің жүктемесін жеңілдетуге арналды. Сонымен қатар азаматтарға жайлы болу үшін автотұрақтың бойына қосымша орындықтар, шағын сәулеттік формалар мен күн панелімен жұмыс істейтін жарықтандыру орнатылды.

"Бұл түнгі уақытта тұраққа жарық түсіп тұру үшін керек, мұның бәрі де астаналықтардың уақытын тиімді етіп өткізуі үшін жасалынып жатқан дүниелер", - деп түсіндірді ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу