Астанада есірткі сатушысы ұсталды

609

Полицейлер жедел іс-шараларды өткізу барысында есірткіні сақтау және өткізу күдігі бойынша қаланың 39 жастағы тұрғынын анықтады.

Астанада есірткі сатушысы ұсталды Фото: baq.kz

Polisia.kz мәліметінше, есірткі заты салмағы 1,83 грамнан асатын мефедрон синтетикалық тобының есірткісі болып шықты. Сонымен қатар тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткіні орау үшін қажетті электронды таразы табылды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді және ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Полиция есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын, өткізу мақсатында, ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын атап өтті.

Жыл басынан бері полиция департаментінің бөлімшелері 362 қылмыстық іс қозғады, оның 43-і есірткі сатумен айналысатын адамдарға қатысты. Заңсыз айналымнан 51 килограмға жуық түрлі есірткі, оның ішінде 12 килограмнан астам марихуана, 25 килограмға жуық гашиш және 14 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу