Астанада ет жәрмеңесі өтеді

113

Фермерлер ірі қара етін делдалсыз саудалайды.  

Астанада ет жәрмеңесі өтеді Фото: Астана әкімдігі

Сенбі-жексенбі күндері (15-16 қарашада) Алаш тасжолы бойында орналасқа "Керуен жолы" базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз мұндай форматтағы ет жәрмеңкесін өткен жылы да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Осы уақытта халық соғымға келілеп емес, ірі-қараны тұтас етімен алады. Өңірдегі төрт-түлік асырап отырған ағайын осында келіп етті делдалсыз сатады. Сондықтан баға да арзан", – деді ет жәрмеңкесін ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев.

Алдағы жәрмеңкеде ірі қара еті 2700 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін сатылмақ. Мұнда еттен бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын өнімдерді де арзан бағада алуға болады.

Айта кету керек "Керуен Жолы" базары сауда заңнамасындағы талаптарға сай салынған елордадағы замануи сауда нысандарының бірі.

12 мың шаршы метрді құрайтын базар ет сақтайтын арнайы мұздатқыштармен, лаборатория, келушілер үшін кең көлік тұрағымен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу