Астанада Еуропа кинофестивалі өтуде

648

Астанада Еуропа кинофестивалі өтуде

14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Чехия,  Австрия,  Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланы, Литва, Румыния, Словакия жəне Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Кино туындылары арасында əртүрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, 1987 жылғы "Оскар"сыйлығының үздік шетелдік фильм аталымына үміткер – "Деревенька моя центральная" фильмі (Чехия), Еуропа киноакадемиясының жүлдегері, 10 "Гойя" сыйлығының иегері – "Миниатюрный остров" (Испания) фильмі, Румыния кинематографистер одағы сыйлығының иегері – "Обезглавленный петух" фильмі жəне басқалары.

Фестиваль ашылуында көрермендерге Финляндия, Эстония мен Германия бірігіп түсірген "Фехтовальщик" фильмі көрсетілді. Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы, Елші Траян Христеа, Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсанен жəне Эстонияның Уақытша сенімді өкілі Питер Миллер қатысты.

Фестивальдің қорытынды күні, 16 маусымда, қазақстандық режиссер Катерина Суворованың "Завтра море" фильмінің көрсетілімі, сондай-ақ, режиссердің көрермендермен кездесуі өтеді. "Завтра море" деректі фильмі бұрынғы Арал теңізі жағалауы тұрғындарының өмірі туралы баяндайды. Фильм Роберт Бош атындағы неміс қоры тағайындайтын грант жүлдегері болып табылады. Фильмнің тұсаукесері 2016 жылы тамызда Локарно кинофестивалінде өткен болатын.

Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу