Астанада фаст фуд әзірлейтін павильон өртенді

230

Алдын ала мәлімет бойынша, ас үй бөлмесінде фритюрница мен жиһаз жанған.  

Астанада фаст фуд әзірлейтін павильон өртенді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ қызметкерлері Тұран даңғылы бойында орналасқан бір қабатты жылдам тамақтану павильоны ғимаратындағы өртті жедел түрде оқшаулады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу