Астанада фельдшерді ұрған адам қамауға алынды

111

Елордада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада фельдшерді ұрған адам қамауға алынды Фото: canva

Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медицина қызметкерлері қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған.

Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Полиция ескертеді: маңызды әлеуметтік міндет атқарып жүрген жедел қызмет өкілдеріне қатысты агрессия, күш қолдану немесе қорқыту әрекеттерінің кез келгені қатаң түрде тоқтатылады. Қазақстанда медициналық қызметкерге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілді. 7 наурызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Аталған бап бойынша айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу