Филиппин мемлекеті Астанадан елшілік ашуды жоспарлап отыр

686

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Филиппин мемлекеті Астанадан елшілік ашуды жоспарлап отыр Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Филиппиннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың екінші раундына қатысу үшін Астанаға келген Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимді қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

М.Тілеуберді саяси диалогтың оң серпінін, оның ішінде өткен қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Филиппиннің Сыртқы істер министрі М.Т.Лазаромен өткен кездесуін атап өтті.

Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада Елшілік ашу ниетін құптап, тұрақты дипломатиялық өкілдіктің ашылуы екіжақты байланыстарды тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу