Астанада G-Park компаниясына жаңа үйлер салуға тыйым салынды

392

Бұл туралы шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек айтты.

Астанада G-Park компаниясына жаңа үйлер салуға тыйым салынды Фото: G-park

Астана әкімдігі G-Park компаниясына 12 нысанды аяқтап, үлескерлерге кілт тапсырғанша жаңа құрылыс бастауға тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда G-Park қалада 12 нысанның құрылысымен айналысуда. Шынында да, биыл компанияда әртүрлі мәселелер болды. Бірақ әрбір тұрғын үй бойынша Астана әкімдігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл жағдайды өте жақсы білеміз. G-Park компаниясы міндетті түрде осы 12 нысанды аяқтап, үлескерлерге кілт тапсырады", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Шаһар басшысының айтуынша, компания осы 12 нысанды аяқтап, кілт тапсырғанша жаңа нысандарды салуға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу