Астанада гашиш майын таратқан 2 ер адам ұсталды

356

Күдіктілерден 1,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді.  

Астанада гашиш майын таратқан 2 ер адам ұсталды Фото: sputnik-georgia.ru

Елорда полицейлері есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысқан екі азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел іс-шаралар барысында Астана қаласында тұратын 24 және 23 жастағы екі ер адамның бір тұрғын үйдің әртүрлі қабаттарындағы пәтерлерді жалға алып, есірткі заттарын тарату мақсатында пайдаланғаны анықталды.

Күдіктілер интернет-мессенджерлер арқылы гашиш майын өткізіп, есірткіні жасырын орындарға қалдырып отырған.

Полицейлер жүргізген тінту кезінде пәтерлерден сары түсті сұйықтық құйылған пластик құтылар, электронды таразылар, орау материалдары және құрамында есірткі заты бар ыдыстар табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың гашиш майы екені анықталды.

Сонымен қатар пәтерлердің бірінің ас үйінен есірткі іздері бар мантоварка тәркіленді. Тергеу барысында күдіктілер гашиш майын әрі қарай орап, таратуға ыңғайлы ету үшін осы ыдыста еріткені белгілі болды.

Жалпы тінту барысында бір жарым килограмнан астам гашиш майы мен марихуана тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу