"Арасында шетелдік азаматтар бар": Астанадағы газ баллоны жарылысынан 3 азамат жарақат алды

Полицияның мәліметінше, оқиға туралы хабарлама сағат 08:55-те "102" арнасына түскен.   

"Арасында шетелдік азаматтар бар": Астанадағы газ баллоны жарылысынан 3 азамат жарақат алды Фото: stan.kz

Жарылыс салдарынан жақын маңда тұрған Toyota автокөлігіне зақым келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Болжалды мәлімет бойынша, тандырханада тұрған 50 литрлік газ баллоны жарылған. Соның салдарынан ғимараттың төбесінің бір бөлігі мен есік ойығы опырылған.

– Астана қаласының Байқоңыр ауданында Ш.Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта алдын ала мәлімет бойынша көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм арнасы.

Жарақат алғандар арасында тандырхана ішінде болған Өзбекстанның азаматтары бар. 

Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Қазір жарылыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу