Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды

131

Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы үш көлік зақымдалған, зардап шеккендер жоқ.

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған. Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу