Астанада газ жүргізілетін жеке үйлер аудандары белгілі болды

1005

Астанада газ жүргізілетін жеке үйлер аудандары белгілі болды

Елорданың кейбір аудандарындағы жеке меншік үйлер газбен жылытылатын болады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев халықпен кездескен кезінде мәлім етті.  Оның техникалық құжаттамасы осы көктемде дайын болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба  ауаның сапасын жақсартудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі әрі жеке меншік секторды және кейбір дербес жылыту қазандықтарын газға көшіруді қарастырады.  Онымен Global Gas Group ЖШС айналыспақшы.

Бүгінгі таңда, әкімнің сөзіне қарағанда, Назарбаев университеті жаңа жүйеге қосылған. Нақтырақ айтқанда, бұл жуырда ғана іске қосылған "Тұран" станциясының  сұйытылған табиғи газбен қайта газдандыру жөніндегі алғашқы кешені.

Табиғи ресурстар басқармасының жоспарына сәйкес Global Gas Group тағы үш кешен салуды көздеп отыр.  Атап айтқанда,  2017  жылы  Көктал-1 және Көктал-2, 2018 жылы – Индустриялдық, Интернационал және Тельман, 2019 жылы Ильинка ауылдары газға көшеді.

Дегенмен компания мамандары жоғарыда аталған нысандар әлі жобаланбағанын тілге тиек етті. Жеке меншік  үйлер аудандарын газбен қамту мерзімі мен шарттары әзірше белгісіз, әрі ол туралы сөз етуге ертерек екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу