Астанада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

498

Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. 

Астанада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді Фото: olympic.kz

Астана қаласында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу