Әлемнің ең үздік грэпплинг шеберлері Астанада бас қосты, деп хабарлайды Atameken Business.
Азия, Еуропа, Америка құрлығынан жиналған 500-ден аса спортшы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектердің жеке салмақ дәрежелері бар.
Астанадағы бәсекенің тағы бір ерекшелігі, осы жарыс аясында командалық Әлем кубогы да ұйымдастырылды. Яғни Қазақстан, Ресей, АҚШ сияқты әлем үздіктері құрама болып жекпе-жекке шықты. Оның нәтижесі бойынша Ресей – бірінші, АҚШ екінші орын алды. Ал Қазақстан үздік үштікті түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу