Астанада "Халық заңгері" іс-шарасы өтеді

480

Оның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.  

Астанада "Халық заңгері" іс-шарасы өтеді Фото: gov.kz

Астана қаласында 26 мамыр күні "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы басталады. Бұл туралы  inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара сағат 17:00-де басталады.

Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

"Халық заңгері" акциясы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді, ал оған алғыс білдіретін қазақстандықтар қатары артуда. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.

Акция өткізілетін орын: Астана қаласы, Кенесары, 32 үй, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония ғимараты. Кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу