Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халықаралық ұйым басшылары, сонымен қатар депутаттар, дипломаттар, жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, танымал түркологтар қатысты.
Айта кету керек, Түркі академиясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бой көтерді. Құрылтайшы құжаттары мақұлданып, толық халықаралық ұйым мәртебесіне ие болған Түркі академиясы – түбі бір түркі елдерінің ғылыми интеграциясын нығайту, руханият кеңістігін үйлестіру, ортақ мұраларды кешенді дәріптеу мақсатында құрылған.
"Құрылтайшы мемлекеттердің тулары желбіреген еңселі ғимарат екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста академия ұжымы орналасса, екінші корпус Түрк музейі мен Түркология кітапханасына арналған", – деп жазды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-те.