Астанада халықаралық веложарыс өтті

920

Астанада халықаралық веложарыс өтті

Елордада 23-24 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған "Астана Кубогі" велосипедтен көпкүндік жарысы өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.

21 шақырымдық жеке жарыста Астана қаласының спортшысы Владимир Эйхорн жеңіске жетті, күміс олжаны Батыс Қазақстан облысынан Дмитрий Носков иеленді, үшінші орынға велошабандоз Әмір Богданов ие болды. 

"Біз бұл аталмыш спорттық шараны жас велошабандоздардың шеберліктерін жетілдіру үшін, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында өткіземіз. Бұл тұрғыда біз ең үздік споршыларды таңдап, мықты команда жасақтауды жоспарлаудамыз", - дейді ұйымдастырушалар.

Сайысқа  Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, атап айтқанда Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астана, Павлодар қалаларынан 100-ден астам спортшы қатысты. Оларға мақтау қағаздары мен медальдар табыс етілді.  

Аталмыш жарысты "Астана орманы" ЖШС мен Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы,  Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, №6 олимпиадалық резервтегі  "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі", "Қазақстанның велосипед спорты федерациясы", "Астана қаласының велосипед спорты федерациясы", "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу