Астанада туристік компания қызметкері ретінде өзін таныстырған 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс жүзінде келісімді орындамаған. Күдікті жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алу сияқты қызметтерді сылтау етіп, азаматтардан алдын ала ақша алған.
Қазіргі уақытта 13 дерек анықталып, келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды.
Тергеу барысында жәбірленушілер санының одан әрі артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ, күдіктінің өзге ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.