Астанада халықтың 8 млн теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды

210

Елорданың тәртіп сақшылары азаматтардың 8 млн теңгесін жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада халықтың 8 млн теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды Фото: polisia.kz

Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкенттің 23-26 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

"Автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген. Құқық қорғаушылар олардың осыған ұқсас 25 оқиғаға қатысы барын анықтады. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңгені құраған", – дейді полиция басқармасы.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың бас қалада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертіп, интернетте жиі кездесетін алаяқтық түрлерінен абай болуды еске салады:

  • алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырып, қылмыскерлерді ұстаймыз деген желеумен қорғалған шоттарға ақша аударуды сұрайды;
  • Whatsapp мессенджері арқылы таныс азаматтардың, үшінші тұлғалардың банктік шоттарының деректемелерін көрсетіп, қарызға ақша алу туралы өтініші бар хабарламалар жолдайды;  
  • алаяқтар өздерін тәртіп сақшысы ретінде көрсетіп, жақын туыстары жол апатына кінәлі деп ақша талап етеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу