Астанада халықтың осал топтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлінді

942

Астанада халықтың осал топтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге 5 млрд теңге бөлінді

2017 жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына – зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылғандарға елеулі қолдау көрсетіледі.

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік төлемдер үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

2016 жылы 110 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды, оның ішінде зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар, көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар бар.

Тұрғын үй жәрдемақысы 1456 отбасыға тағайындалды, 1381 адам атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны 3904 бала, Өрлеу" жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмекті 243 адам алды.

Сонымен қатар 96 мыңнан астам адам (жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлер, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар) қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі жол жүруге (таксиден басқа) әлеуметтік көмекпен қамтылды. 106 мыңнан астам адамға мерекелiк және айтулы күндерге бiржолғы ақшалай төлемдер көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу