Астанада "HAS Holding" қаржы пирамидасы анықталды

546

Аталған қаржы пирамидасы өзін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде көрсеткен. 

Астанада "HAS Holding" қаржы пирамидасы анықталды Фото: inbusiness.kz

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS Holding" қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, сенгіш азаматтарға инвестицияланған соманың 70% дейінгі пассивті ай сайынғы табыс уәде етіліп, ақшаларын түрлі инвестициялық жобаларға салуға шақырды.

"Upgrade-AS", "Holding AS", "XAS-Logistic", "light-AS" және басқа да компаниялардың атынан салымшылармен келісімшарттар жасалған.

Салымшылар үшін міндетті шарттардың бірі 180 000 теңгеге Қытайдан әкелінді делінген тұрмыстық тауарларды сатып алу болды.

Пирамиданың тұрақты жұмысының көрінісін жасау үшін алынған ақшаның бір бөлігі салымшыларға сыйақы төлеуге бағытталып отырған. Алайда ұйымдастырушылар салымшыларды алған сыйақысын пирамидаға қайта салуға шақырған", - делінген ведомство хабарламасында. 

"HAS Holding" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде ара-тұра жалған акцияларды ұйымдастырып келген. Соның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында көпқабатты үйлер салынып жатқанын көрсету үшін құрылыс декорациялары мен арнайы техниканы жалға алған.

Түсіп жатқан ақшаның көп бөлігін ұйымдастырушылар өз қалтасына басып отырған. 

"Қысқа мерзімде салымшылардан алынған ақшаға ұйымдастырушылар мен олардың туыстарының атына бірқатар жылжымалы және жылжымайтын мүлік (жер телімдері, пәтерлер, автокөліктер) ресімдеген.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сот санкциясымен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазір уақытта салымшылар арасында жалған ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу