Астанада ХV Kazenergy форумы өтіп жатыр

377

Елордада өтіп жатқан Kazenergy Еуразиялық форумының екінші күні қорытындыланды.

Астанада ХV Kazenergy форумы өтіп жатыр Фото: kazenergyforum

Іс-шараның бүгінгі сессиясында электр энергиясын өндіру секторын нығайту, 2060-шы жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын жүзеге асыру, өзгермелі әлемде көмірсутектерді тасымалдау мәселелері талқыланды. Баламалы энергия өлшегіштер, декарбонизация, энергия қауіпсіздігі және экономикалық өсу жайы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы өкілдері басқосуларының басты тақырыптарына айналды.

"Бұл форум инвесторлар кездесе алатын өте маңызды функционалды алаң. Сарапшылар, салалық басшылар, бірқатар бірлестік жетекшілері мен компания басшылығына дейін келе алады. Сәйкесінше, тәжірибе алмасады", - деді ҚР Президентінің Кеңесшісі Қанат Бозымбаев.

Президенттің кеңесшісі энергетикалық нарықтарға қатысушылар арасындағы тиімді диалогты қамтамасыз ететін бастаманы қолдау және жалғастыру керек екенін атап өтті. Кешелі-бері өтіп жатқан форум 4 күнге жоспарланған. Шарада энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық тәсілдері жан-жақты талқылануда. 2006-шы жылдан бастау алған дәстүрлі шара биыл 15-ші рет өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында форум қазақстандық мұнай-газ, энергетика саласы ұйымдары мен Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетика секторы өкілдерінің басын қосып келеді. Биылғы форум әлемнің әр қиырынан 300-ге тарта компания мен 2 жарым мың делегаттың қызығушылығын тудырыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу