Астанада иесі пәтеріне ұрлыққа түскен адамды ұстап алған

304

Бұған дейін бірнеше рет істі болған ер адам тағы бір пәтерді тонамақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Астанада иесі пәтеріне ұрлыққа түскен адамды ұстап алған Фото: inbusiness.kz

Күдікті әр пәтердің есігінің тұтқасын тартып көріп, ашық тұрған үйге кірген. Үй иелері ұйықтап жатқан.

"Күдікті бұлтартпау шарасын бұзып, тағы да осындай қылмысқа барған. Пәтер иелері үйде болғанына қарамастан, олардың ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, жігіт пәтерді тінте бастаған. Пәтер тұрғындары оянып кеткен кезде, ұры өтірік сылтау айтып, пәтерден шығып кеткен. Зергерлік бұйымдар салынған сандықшаның жоқ екенін байқаған тұрғындар, күдіктінің соңынан еріп, оны үй маңынан ұстаған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жігіт ұрлық жасағанын мойындап, Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу