Астанада Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады

118

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.  

Астанада Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады Фото: inbusiness.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Осыған байланысты осы жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейін Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу