Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді

434

16-17 сәуір күндері болатын форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді Фото: canva.com

Панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді.

Оларға арнап Euronews, CNN, Яндекс және басқа да жетекші ұйымдар мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар, медиафорум аясында Орталық Азия елдері ақпарат министрлерінің (уәкілетті тұлғаларының) кездесуі жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу