Астанада III халықаралық ECOJER конгресі өтті

502

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген экологтар мен сарапшыларды жаһандық жылыну мәселесі алаңдатады.

Астанада III халықаралық ECOJER конгресі өтті Фото: inbusiness.kz

Бүгін Астанада III Халықаралық ECOJER конгресі де өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Шара Қазақстанның көміртегін бейтараптыққа жеткізу тақырыбына арналды. Сала сарапшылары мен экологтар негізгі проблемалар төңірегінде талқылау өткізді. Биыл Президент тапсырмасымен 2060 жылға дейінгі стратегия қабылданған.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген экологтар мен сарапшыларды жаһандық жылыну мәселесі алаңдатады. Өнеркәсіп санының артуы, ауаға шығарылатын қалдықтардың көбеюі  осы мәселенің негізгі себебі болып отыр. Сондықтан, биыл Президент тапсырмасымен елде көміртегі бейтараптығы стратегиясы қабылданды. Шараға келген экология министрі климаттық өзгерістің қандай салдары болатынын түсіндірді.

"Климаттық өзгерістер салдары Орталық Азия аумағын шөлейтке, биологиялық саналуандықтың, мұздықтардың азаюына, су ресурстарының сарқылуына және экстремалды гидрологиялық құбылыстарға алып келеді. Аталған мәселелерді шешуде бізден климаттың өзгеруіне бейімделу және салдарын азайту бойынша шұғыл шешім қабылдауды талап етеді", - дейді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова.

Қазақстан 9 миллиард тоннадан астам CO2-экваленті шығарындыларының алдын алуға ниетті. Бұл мәселе энергетикалық секторды трансформациялау, көмір нысандарын пайдаланудан шығару, көміртекті ұстау және сақтау технологияларын қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл шамамен 610 миллиард АҚШ долларын қажет етеді.

"Біз әлем елдерінің тәжірибесін негізге аламыз. Бұл АҚШ: Еуразиялық одақ, Жапония, Қытай. Өйткені олар бізден кемі 10 жылға алға кетіп барады. Біздің бүгінгі экономикадағы өнеркәсіптер 20 ғасырдікі. Яғни, 70-80 жылдардан бері технологиялық процесстер ескірді. Әсіресе, энергетикада. Бұл көмірмен жаңа станса салуды қажет етеді. Яғни, ешқандай зиянды, қатты қалдықтар шығармайтын, ауаны ластау деңгейін азайтатын дегендей..." - деді "Ecojer" қауымдастығының бас директоры Рүстем Кабжанов.

Конгреске қатысушылар экономиканың барлық секторы үшін көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз ету, реттелмейтін секторларды Ұлттық деңгейде анықталған жарналарға қол жеткізу сынды мәселелерді шешуге келісті. ECOJER Конгресі экологиялық салада ғана емес, елдің саяси өмірінде де маңызды оқиға ретінде қарастырылады. Мұнда көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, кейін Үкімет нақты шаралар қабылдауға кіріседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу